Көрші ел ұйымының көмегі
Ресейдің коммерциялық емес ұйымынан Қостанайға гуманитарлық көмек келді. "Урал Евразия" сарапшылық клубы коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған дәрілік заттар жіберді.
Бағалы жүкті "ГрИн" азаматтық альянсының, облыстық ҮЕҰ және "Жанашыр бол" ОФ еріктілері күтіп алып, түсіріп, таратуға бір кісідей жұмылды. Қораптарда бетперделер, қолғаптар, антисептиктер, қызу түсіретін дәрілер, градус өлшегіштер, тонометрлер және өзге де дертпен күресуге аса қажет заттар бар. Шекаралық әріптестік аясында мұндай көмекке Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының ҮЕҰ-дары да ие болғанын айта кету керек.