54 адамнан дерт анықталды
24 шілдеде Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 54 адам жұқтырды.COVID-19-бен Қостанай қаласының 36 тұрғыны және Рудный қаласының 18 азаматы ауырған.
Пациенттер өз беттерінше жүгінулері, сондай-ақ тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналуы симптомдарына шағымдануы бойынша, ПТР-зерттеуден өтіп, инфекцияны бұған дейін жұқтырғандармен байланыста болған адамдар ретінде тексерілген.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
2020 жылғы 24 шілдедегі жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясын 2177 адам жұқтырғаны анықталды, оның 1166-сы жазылып шыққан.