Қаулыға өзгеріс енгізілді
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қарашадағы №54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаулының толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.Қостанай облысының тұрғындары арасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес COVID – 19 (бұдан әрі-COVID-19) коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, «Шығу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен және «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 Бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулыларымен және COVID-19 жағдайларының көп санының тіркелуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 6 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«6. Осы қаулы 2020 жылғы 9 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 30 қараша сағат 00:00-ге дейін қолданылады».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
В. Нечитайло,
Қостанай облысының
бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері