30 млн теңгеге 2,5 мың ПТР-зерттеу жүргізілді

Қостанай облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз бен маусым аралығында коронавирусты диагностикалау үшін 2523 ПТР-зерттеулер жүргізуге 29,8 млн теңге бағыттады, оның ішінде стационарларда 1567 тест, емхана дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 956 тест жүргізілді.
Елімізде  медициналық алғашқы көмек  ұйымдары жанындағы 2 мыңнан  астам мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19-ге күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады. Мамандардың пікірінше, бұл  халыққа қызмет көрсету мәселесін уақытылы шешуге және олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
-Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында  ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады. Бірінші кезекте – инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін оларды шұғыл түрде тексеру керек. Келесі санат – провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі бір симптомдар болады және  диагноз қою қажет. Мұнан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар. Аталған топты тестілеу үшін Қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты. Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирусты симптомсыз тасымалдаушыларға да жасалады, – дейді қор директоры С.Аймұхамбетова.
Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер мен шұғыл емге жатқызылатын  сырқаттар жатады.
Қор жеткізушілердің алдында көрсетілген қызметтерге ақы төлеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Қызметтерді төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓