Алғыс білдіреміз

Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Әулиекөл ауылының "Бірлік" шағынауданында 91 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Президенттің басшылығымен бірігіп, бүкіл ел өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жіберілді. Қазақстанның көптеген басшылары, кәсіпкерлері де шетте қалмады.
Өрттен зардап шеккендерге жеткізу бойынша айтарлықтай көмек көрсетілді:
– металл пластикалық терезелер жиынтығы – «Фирма «АЛКОН+» ЖШС, бас директоры Аюпов Аман Блялевич;
– құрылыс-монтаждау жұмыстары – «АБЗ+» ЖШС, бас директоры Лобанов Николай Александрович;
– құрылыс-монтаждау жұмыстары – «Капитал групп союз» ЖШС, директоры Абдрахманов Нурбол Камелович;
– 91 бірлік тоңазытқыш жеткізу «Группа Компаний «Вираж» ЖШС, директоры Ескергенов Ермек Серикович;
Сондай-ақ "Федерация "Бәйге" Республикалық қоғамдық бірлестік, жеке кәсіпкер Баязитов Куаныш Узбекович, «AMANAT» партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетті.
Бүгін Мемлекет басшысына, құрылысшыларға және еліміздің барлық қамқор адамдарына ерекше алғыс білдіреміз!
«Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ зардап шеккендердің өмірінің қиын сәттерінде Сіздерге көрсеткен көмегіңіз бен көрсеткен қолдауыңыз үшін алғыс білдіреді. Бей-жай қарамай және басқа біреудің тағдырына риясыз қатысқаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓