Мәңгілік елдің мәңгілік тілі

Қазақстан Республикасының Прези-денті Нұрсұлтан Назарбаевтың "…арман-дарды ақиқатқа айналдыратын, мәңгілік елдің іргетасын қалайтын" кезекті Жол-дауының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің бо-лашағына сеніммен қарайды.
тіл
Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір аза-маттың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспар-лаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. "Қазақстан – 2050" страте-гиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! Бүгінгі күні қазақстандықтарға қойылған басты міндеттердің бірі мемлекеттік тілді үйрену екендігі баршаға мәлім. Елбасы кезекті жолдауында қазақ тілінің ертеңіне қалай сенетіндігін тағы бір мәрте танытты. "Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үй-реніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда, биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жәйттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн" – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет Басшысының Жолдауы мен 2011-2020 жылдағы Тілдерді дамыту және қолданудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Лисаков қаласын-да 2012 жылдың наурыз айында Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталы-ғы" МКҚК ашылды. Орталықтың басты мақсаты – қала деңгейінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру болып табылады. "Тілдерді оқыту орталығында" 2014 жылы 130 тыңдаушы мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгеруде. Орталығымыздың материалдық-техникалық базасы үнемі жаңартылып тұрады. Қазіргі заманға сай компьютер, мультимедиа жабдықтары мен интерактивтік тақта орнатылды. Жақын елді-мекендердің тұрғындарына мемле-кеттік тілді оқыту мақсатында да жұмыстар атқарылуда. 2014 жылдан бастап Октябрь кентінде 12 тыңдаушыны қамтитын қазақ тілінен 1 топтың оқытылуы ұйымдасты-рылды. Түптеп келгенде, бәрі өзіміздің қолы-мызда. Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрайтын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақ перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел! Елбасы мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – "Қазақстан 2050" стратегиясының түп қазығы етіп алды. Елбасы айтқандай, әр ісімізге ыждаһаттылықпен қарай білгеніміз жөн.
Айдана КӘКІМЖАНОВА,
Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" МКҚК әдіскері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓