Қордан 256 млн теңге төленді
Бүгінгі күні Қостанай облысында COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 2357 төсектік орын бар, оның ішінде 624-і инфекциялық – 624, 1170-і провизорлық, 563-і карантиндік. Бұл ретте наурыз айымен салыстырғанда инфекциялық төсек-орын өсімі 4,5 есеге, провизорлық төсек-орын 3,4 есеге өсті. Стационарлық көмек пен жедел жәрдем қызметтерін ұсыну бойынша 8 негізгі жеткізушілермен емделуге келісімшарттар жасалды. Сонымен қатар, Қостанай облыстық ауруханасы 29 медициналық ұйымдармен келісімшарттарға қол қойды.
“Медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Қостанай облыстық филиалының директоры С.Аймұхамбетованың айтуынша, 2020 жылдың наурыз-маусым айларында коронавирустың таралуын болдырмау бойынша қызмет көрсету аясында барлығы 4236 пациент емделіп, медициналық ұйымдарға төсек-күндері бойынша 256 млн теңге төленген. Төсек-күндеріне пациенттің стационарда болуы, аурудың диагностикасы мен емі енгізілген.
-Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі төсек қорын ұлғайту қажеттілігін сезінуде. Қазақстандықтарға стационарлық деңгейде медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін Қор шілде айында медициналық ұйымдарға арналған тарифтерді арттырды. Енді Қор провизорлық стационарға 1 төсек-күн үшін 21,9 мыңнан астам теңге төлейді, ал тәулік бойы стационарға – 32,2 мың теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін 1 төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық қаражат бөлетін болады, – дейді С.Аймұхамбетова.
Мамандардың айтуынша, медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққаннауқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2020 жылғы 4 шілдедегі № 104 Клиникалық қайта қарау хаттамасына сәйкес, аурудың симптомсыз және жеңіл түрімен ауыратын науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды. Ал, стационарлық емге тек коронавирустың орташа ауыр және ауыр түріне шалдыққан пациенттер ғана жатқызылады. Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді (дәрігерді қарау, ем тағайындау, рецепт жазу, манипуляциялар жүргізу және т.б.). Бұған қоса, үйде стационарлық қызметұйымдастыру да қарастырылған.