COVID-19: 2017-ге жетті
20 шілдедегі жағдай бойынша, Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын 57 адам жұқтырған.Облыс орталығында дерт 24 адамнан анықталды. Лисаков қаласында 5 адамнан алынған ПТР сараптама олардың ағзасында КВИ барын көрсетті. Рудный қаласында –19, Жітіқара қаласында 2 тұрғын осы індетке шалдыққан. COVID-19-бен Әулиекөл ауданында 6 адам, Қарасу ауданында 1 адам ауырып қалған.
Пациенттер ЖРВИ белгілерінің пайда болуына шағымданып, медициналық көмекке өз бетінше жүгінулері бойынша, ауруханаға жатқызылған кезде эпидбақылау шеңберінде тексерілді.
Осы науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, олар медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.
20 шілдедегі жағдайы бойынша, облыста COVID-19 инфекциясы 2017 адамнан анықталды. Жазылып шыққандар саны 1066-ға жетті.