БЖЗҚ: халыққа 10% беру ұсынылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы қоғамдық кеңес пандемия кезіндегі елдегі экономикалық ахуалға байланысты салымшыларға зейнетақы жинағының 10%-ін алуға рұқсат беруді ұсынды. Тың бастама жайлы қоғамдық кеңестің басшысы Евгений Сейпульник желіде жазды деп хабарлайды "Айқын" ақпарат".бжзк
«Қазіргі жағдай кәрілікке қажетті жинаққа деген көзқарасты өзгертуге және оған азаматтардың қаржылық проблемасын шешуге көмектесудің бір жолы деп қарауға түрткі болып отыр. Басқаша айтқанда, мен зейнетке шықпай тұрып, салымшылардың 10% мөлшеріндегі ақшасын кәдеге жаратуды ұсынамын», – деп жазды Сейпульник қоғамдық кеңестің Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, әр салымшының зейнетақы қорынан 10 пайызын мерзімінен бұрын алу келесі жүйе бойынша жүзеге аспақ:
– БЖЗҚ-да шоғырландырылған жинақ көлемінің 1,7 трлн. теңгеге төмендеуі;
– Әрбір салымшы үшін орташа төлемді 42 500 теңгеден 100 мың теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі;
– Салымшылардың қор мен ұлттық банктің іс-әрекеттеріне деген сенімін арттыру.
– Қордың жұмыстың жаңа деңгейіне шығуы.
«10 миллионға жуық салымшының бухгалтерлік есеп пен жекелендірудің дәлелденген бағдарламаларын ескере отырып, бұл ұсынысты іске асыру айтарлықтай қиындықтар туғызбауы керек. Әр салымшының жинақ ақшасының 10 пайызын төлеу оның құқығы емес, міндеттеме ретінде қарастырылуы керек. Бірақ бұл опция біреудің өмірін сақтап қала алады», – деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, Сейпульник жинақталған қаражаттың мөлшеріне қарамастан салымшының мерзімінен бұрын ақша алу құқығын заңнамалық тұрғыда ұсынуды ұсынды. Сейпульник президентке оның ұсынысын қоғамдық кеңес мүшелері қолдаса, үндеу жолдауға уәде берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓