Көктайғақтың кесірінен қоғамдық көліктер тоқтатылды

Көшедегі көктайғаққа байланысты қоғамдық көліктер тоқтатылды. Қостанай қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобустар  шамамен 10:00 таман өз жұмысына кірісуі тиіс. Сағат 04:00-ден бері барлық жүргіншілер жолы мен аула арасында 15 техника және 120 жұмысшы жұмылдырылып, тұз бен құм аралас қоспа төсеуде. ожеледь у дворах
Білім бөлімінің хабарлауынша, сабақ тоқтатылмайды. Оқу ордасына келген оқушыларға сабақ беріледі, ал келмегендерге түсіністікпен қарамақ. 
Ауа райының құбылуына байланысты, қала тұрғындарына сақтық шараларына жүгінуге кеңес беріледі. 
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓