Көршілер көмекке келеді

Мәскеулік дәрігерлер бригадасы Қостанай облысына жергілікті ақ халаттыларға коронавируспен күресуге көмек беру үшін арнайы ұшып шықты. GV1A5840
15 дәрігерден тұратын мультидисциплинарлық медициналық бригаданы Олег Черныш басқарады. Ол Н.В. Склифосовский атындағы ҒЗИ-дің төтенше жағдай кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету жетекшісі. Олардың Қостанай облысына келгендегі мақсаттары мен міндеттері – пандемия кезіндегі Қазақстан аумағындағы эпидемиялық ахуалды зерттеу және оның алдын алу жөнінде жергілікті мамандармен бірлесіп жүйелі шаралар қабылдау.
Жасақ COVID-стационарларға барып, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектесіп, пациенттерді қарап, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқыту семинарларын өткізбек.
 "Топ құрамында хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, пульмонолог, инфекционист, кардиолог, эпидемиолог, рентгенолог, медициналық анестезистер және коронавирустан емдеуде зор тәжірибесі бар басқа да мамандар бар. Олар Мәскеудің жетекші стационарларының білікті дәрігерлері", – делінеді Мәскеу Денсаулық сақтау департаменті хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓