ҰБТ қорытындысы шығарылды

Сонымен, облысымызда мектеп бітіруші түлектердің   жоғары оқуға түсу мен мектепті бітіру, яғни Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырулары аяқталды. Үстіміздегі жылғы емтиханға өңір мектептерін бітіруші он бірінші сыныптың төрт мың екі жүз алпыс бес оқушының  екі мың  бес жүз қырық бесі қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеу үш кезең бойынша өтті.  ҰБТ-ның  нәтижесіне келер болсақ,  оқушылардың орташа баллы – 83,81 балл болып отыр.  Аймақта «Алтын белгіден» үміткер 102 оқушы бар болатын-ды, солардың 49-ы өздерінің білімдерін дәлелдеп шықты.IMG_0198Ал, республика бойынша  2-5 маусымдағы ҰБТ нәтижесіне келсек,  16 бітіруші түлек 125 балл алды. Тестілеудің  бір пәні бойынша «2» бағасын алғандар саны -2614,  шектік  «50» баллдан өте алмағандардың саны -12015. Республикалық аппеляциялық комиссияға 2016 жылғы 5 маусымда  жалпы 105 өтініш келіп түсті, олардың 28 тест тапсырмасы  қанағаттандырылды. Ал, жалпы  тестілеудің үш күнінде  түскен өтініштің саны – 384, оның 88 –і бойынша оң жауап берілді. Еліміз бойынша ҰБТ үстіміздегі жылдың 15 маусымында толық аяқталады.
Шектік «50» балл деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқысы бар. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал, тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өтеді. 
 
Гүлназым САҒИТОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓