Облыстың оңтүстік аймағын су басуы мүмкін

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте көктемгі су тасқынына қарсы шаралар пысықталды. Облыстық  ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы  Азамат Орымбаевтың айтуынша, биыл астықты өңірде барлығы облыстың отыз жеті  елді мекені су тасқынына тап болуы мүмкін.  Арқалық, Әулиекөл, Наурызым, Аманкелді, Жанкелдин, Қарасу, аудандарының ауылдарын су басу қаупі бар. Бірақ, аудан әкімдері  құтқарушылардың болжамдарымен келіскісі жоқ. ТЖД келтірген мәліметтен 2021 жылы қар суы Лесная көшесіндегі жиырма бес үйдің ауласына  дейін жайылғанын көруге болады.  Аудан басшысы Жансұлтан Тәукенов үйлерді су басқан жоқ деп отыр. Мұнда олар мотопомпаларды алдын ала әзірлеп, көктемде келетін суды соруға дайын екендігін айтады. Федоров ауданына, керісінше, су өткізгіштерді ауыстыру үшін қаржы қажет. Тіпті, 749 млн теңгеге жоба әзірленген. Алайда, ТЖД Федоров ауданында тасқыннан келер тікелей қауіп жоқ екенін атап өтті.
Бүгінде  облыстағы  он екі  бөгет жөндеуді қажет етеді. Өңірде барлығы тоқсан сегіз  гидротехникалық нысан бар. Оның он екісінің тозығы жеткен. Олардың жетеуі тым әлсіз. Судың екпініне шыдас бермеуі мүмкін. Бұл жақын маңдағы ауылдарға мейлінше қауіпті.  Науырзым ауданының Буревестник ауылы, сондай-ақ, Қарасу ауданының бірқатар ауылына да алдын ала қам жасамаса болмайды.  Қарасу ауданының әкімі Виктор Радченко  он үш бөгеттің төртеуі жөндеуді қажет ететінін айтты.  Аудан әкімінің айтуынша, бұл бөгеттердің су тасқынына бәлендей әсері жоқ.  Дегенмен, аудандағы су тасқынына тосқауыл болатын нысандарды жөндеу мәселесін бүгіннен бастап шешу қажет. Ал, Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов соңғы он бес  жылда су тасқыны кезінде елді-мекендерді су басу оқиғасы тіркелмегенін айтты. Соған қарамастан қазіргі таңда су тасқыны кезінде ықтимал қауіпі бар елді мекендердегі тұрғындардың тізімі әзірленген.
-Су тасқыны қатерінің алдын алу мақсатында жыл сайын Қоныраулы өзенінде мұздардың кептеліп қалмау, жұмсарту мақсатында екі жерден жалпы 2149 текше метр алаңына мұз жару жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар, Қабырға өзенінің бойында Күйгенкөн қоныс орынында  гидропост орналасқан. Яғни,  су тасқыны кезінде судың жылдамдығы мен көтерілім деңгейі  бойынша мониторинг жасалып отырылады. Төтенше жағдай қызметкерлері  ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп су тасқыны кезінде зардап  шегуі ықтимал елді мекендерді, шаруа қожалықтары орналасқан  қоныс орындарындағы  үйлердің саны, адамдардың тізімдері мен аты-жөндері  анықталып, тосқауыл және уақытша қауіпсіз аумаққа көшіру орындары белгіленді, – дейді Жанкелдин ауданының әкімі.
"Апат айтып келмейді". Облыс әкімі Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқынына мейлінше сақ қарау қажеттігін айтып, тиісті мекеме басшыларына, аудан әкімдеріне жағдайды үнемі бақылауда ұстау қажеттігін қадап таепсырды.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓