Күніне 180 қоңырау

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы базасында Call-орталық 2015 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді. Телефоны: 8(7142) 393-777.
12 шілдеге дейін орталықтағы жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00 мен 18.00 аралығында болған, қазір апта бойы демалыссыз (сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін) қоңырау қабылдайды. Әр ауысымға төрт қызметкер екі-екіден кезектесіп шығады. Пандемияға дейін Call-орталыққа күніне 100-ге тарта адам хабарласса, қазіргі уақытта 170-180 қоңырау келіп түседі.
IMG_4034
«Тұрғындар қойып жатқан сұрақтар негізінен Covid-19 індетіне қатысты. Біз дәрігерге қаралуды ескертіп, мамандардың, медицина ұйымдарының байланыс телефонын, басқа да тиісті ақпараттарды айтамыз. Сонымен қатар, «дәрі-дәрмек жетіспей жатыр» деп шағым білдіргендер де бар. Олардың іздегенін сұрастырып, дәріханалардың анықтама телефондарын тауып береміз. Мысалы, бүгін Лисаков қаласынан дәрі тапшылығы мәселесіне байланысты бірер қоңырау түсті. Оларға да осылай жөн сілтедік», – дейді Call-орталық маманы Ирина Функ.
Мұнда қоңырау соғушылардың жас шамасы әртүрлі, жастар да, қарттар да түрлі өтініштерімен хабарласып жатады. Мынау өңір нақты белсенді деп те айту қиын. Бірақ, салыстырмалы түрде алып қарағанда Call-орталықты жиі мазалайтын қалалықтар дегенді айтады мамандар.
Қостанай қаласының тұрғындары «Ikomek 109» ахуал орталығына да хабарласса болады (109 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып немесе әлеуметтік желілердегі паақшалары арқылы). Жақында аталған ғимараттан Call-орталық ашылып, оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысқанын жазған едік. Мұнда негізінен коронавирус инфекциясына байланысты өтініштер мен шағымдар қабылданып жатыр. Қазір күн сайын сағат 09.00 мен 18.00 арасында 60-70 адам қоңырау шалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Call-орталықта жүктеме артқан жағдайда қосымша маман жіберілетінін хабарлады. Әзірге бір-бірден алмасып, екі адам жұмыс істеп жүр.

Аслан ҚАНҒОЖИН

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓