Қалалық ауруханада жаңа басшы

Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері болып Данияр Серікұлы Жандаев тағайындалды. snimok-11
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Данияр Серікұлының биографиясын ұсынады.
Ол 1981 жылы 16 наурызда Жітіқара қаласында туған.
Отбасылық жағдайы: үйленген, үш баласы бар.
Сертификаты: Оториноларингология (сурдология (ересек),
Онкология (ересек), қоғамдық десаулық сақтау.
"Онкология" мамандығы бойынша магистратуралық білімі бар.
Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша доктурантуралық білімі бар.
Білімі:
-1998-2005 жж. Астана қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы (ҚазММА) – емдеу ісі;
-2005-2006 жж. Астана қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы (ҚазММА) – оториноларингология мамандығы бойынша интернатура;
-2006-2008 жж. Қырғыз-Ресей Славян Университеті (ҚРСУ) – Бішкек қ., Қырғызстан республикасы – оториноларингология мамандығы бойынша клиникалық ординатура;
– 2008 ж. Астана қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы (ҚазММА) – онкология бойынша бастапқы мамандық;
– 2014-2016 жж. Астана қаласындағы Астана Медициналық Университеті (АМУ) – онкология мамандығы бойынша магистратура;
– 2017 ж. Астана қаласындағы Астана Медициналық Университеті (АМУ) – "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша қайта даярлау;
– 2018-2020 жж. Астана қаласындағы Орталық азияттық Университет – "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша PhD

Еңбек тәжірибесі:

– 1999-2002 жж.– Астана қаласындағы 1-ші қалалық аурухана – реанимациялық бөлімше санитары;
– 2002-2003 жж. – Астана қаласындағы жедел медициналық көмек станциясы – жылжымалы бригада санитары;
– 2003-2005 жж. –Астана қаласындағы 1-ші қалалық аурухана – реанимация бөлімшесінің мейіргері;
– 2008-2009 жж. – Астана қаласындағы Қалалық онкологиялық диспансер – дәрігер оториноларинголог;
– 2009-2010 жж.– Алматы қаласындағы "Сұңқар медициналық компаниясы" ЖШС – дәрігер оториноларинголог;
– 2010-2012 жж. – Алматы қаласындағы "Almaty Medical System" ЖШС – бас дәрігер;
– 2014-2016 жж. – Астана қаласындағы "Астана медициналық Университеті" АҚ – онкология кафедрасының ассистенті;
– "Қамысты ОАА" емханасының жетекшісі;
– 2017-2018 жж. – "Қамысты ОАА" емханасы" КМК бас дәрігері;
2018-2019 жж. – "Қостанай орталық аудандық ауруханасы" КМК бас дәрігері;
2019. 05.02. – 2020.07.17. – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысының орынбасары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓