Локдаун режимі енгізіледі

Бүгін Қостанай облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында локдаун режимін белгілеу туралы Қаулы шығарылды. 18 шілдеден 3 тамызға дейін жалғасатын шектеу шаралары туралы таныстыру үшін Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Ю.Севостьянов бекіткен Қаулының толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:quarantine-5154553_1280
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21, 148, 150 және 152-баптарына, «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 – Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылғы 18 шілдедегі 00:00-ден 2020 жылғы 20 шілдедегі 00:00-ге дейін, 2020 жылғы 25 шілдедегі 00:00-ден 2020 жылғы 27 шілдедегі 00:00-ге дейін, 2020 жылғы 01 тамыздағы 00: 00-ден 2020 жылғы 03 тамыздағы 00: 00-ге дейін Қостанай облысының аумағында локдаун режимі белгіленсін, осыған байланысты мынадай қосымша шаралар енгізілсін:
1) тұрғындарға қажет болған жағдайда ғана 3 адамнан аспайтын топтармен немесе әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерінің тұратын жерінен шығуына рұқсат етіледі;
2) ойын, ойын-сауық қызметінің барлық түрлеріне, ойын-сауық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
3) қоғамдық көлік қызметіне тыйым салу (саяжай маршруттарын қоспағанда, қозғалыс кестесін анықтаумен сағат 06:00-ден сағат 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін);
4)  қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі тек дайын тағамдарды тұтынушыға сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шығаруға және жеткізуге рұқсат етілсін (уақыт бойынша шектеу жол бойындағы сервис объектілеріне қолданылмайды);
5) тамақ өнімдерін сататын сауда объектілерін, дәріханаларды қоспағанда, барлық сауда объектілерінің қызметіне тыйым салу;
6) азық-түлік өнімдерін, көтерме сатуды қоспағанда, сатылатын ассортиментке қарамастан барлық сауда базарларының қызметіне тыйым салу;
7) халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, киімді, аяқ киімді жөндеу) қызметіне тыйым салу;
8) скверлер, саябақтардың, жағалаулардың, оның ішінде олардың аумақтарында орналасқан тамақтану және сауда нүктелерінің, сондай-ақ жағажайлар мен демалыс базаларының қызметін тоқтата тұру.
2. Осы қаулының орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 18 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
 
Ю. Севостьянов,
Қостанай облысының бас мемлекеттік
санитарлық дәрігердің орынбасары                              
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓