Қонайда 30 үй салынады
Облыс орталығында инфрақұрылымы дамыған жаңа заманауи шағынаудан пайда болады. Бұл туралы Қонай шағын ауданына жұмыс сапарымен барған Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. "Мұнда жалпы ауданы 71,6 мың шаршы метр болатын бес қабатты 30 үй және 2000-нан астам ЖТҚ объектілерін салу жоспарда бар. Осы жобаларды іске асыру 2019-2021 жылдарға жоспарланып отыр. Бүгінде шағын ауданда инженерлік желілердің құрылысы, электр, газ және сумен жабдықтау жүргізілуде. Осы жылы сараптама қорытындысының жобалары алынып, 19 үйдің құрылысына және 11 панельді үйлерді жобалауға конкурстар жарияланды", – деп жазды өңір басшысы Инстаграм желісіндегі парақшасында.