Қос көршіден көмек келді

Қостанайда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарын бақылайтын мониторинг тобының кезекті рейді өтті. Жұмысқа «Адал алаңы» жобасының менеджері, журналистер, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің және денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрілік саясат және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді үйлестіру бөлімінің басшысы Гүлнар Оспанова атап өткендей, бүгін Ресей мен Қытайдан гуманитарлық көмек келді. Мамандар гуманитарлық көмекті емханаларға бөлді.
WhatsApp Image 2020-07-15 at 16.16.37
– Біздің мамандар шет елдерден келген гуманитарлық көмекті қабылдап алды. Ең бастысы КВИ-мен күресте қолданылатын «Фавипиравир» емдеу препараты келді. Бұл дәрі Қазақстанға бірінші рет әкелініп отыр. Дәрінің тиімділігін ем-дом шаралары кезінде білеміз. Қазір Қостанай медициналық ұйымдарында COVID-19 емдеу хаттамасымен ұсынылатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қоры бар. Біз оны тексердік, облыс емханаларының жұмысын бақылап отырамыз. Гуманитарлық көмекпен келген барлық қаптамаға мөр қойылады. Бұл шара жүкті делдалдар арқылы сатуға мүмкіндік бермейді, – дейді Гүлнар Оспанова.
WhatsApp Image 2020-07-15 at 16.16.19 (1)
WhatsApp Image 2020-07-15 at 16.16.19
Жақында облыс әкімдігі, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті және фармацевтикалық ұйымдар халықты дәрі-дәрмектермен жедел қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойды. Келісім шеңберінде облыстың 120-дан астам ірі дәріханасына 42 әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмек түрі жеткізіледі.
WhatsApp Image 2020-07-15 at 16.16.18 (1)WhatsApp Image 2020-07-15 at 16.16.38 (1)
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓