Қостанай облысы әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы бұйрығымен Бауыржан Серікбайұлы Ерімбетов Қостанай облысы әділет департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бауыржан Ерімбетов 1980 жылы Қызылорда облысының Новоказалинск қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы ҚР Президенті күзетінің әскери қызметінен бастады.
2008-2015 жылдары Ақтөбе облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2015 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Канцеляриясында қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің бас кеңесші болды.