Қостанай комбайндары сұранысқа ие

Көктемгі дала жұмыстарының басталуына бір айдай уақыт қалды.  Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының берген мәліметтеріне қарағанда, қолдағы техниканың 99 %-і дән сіңіру жұмыстарына сақадай сай тұр.  Жанар-жағар май қоры да науқандық жұмыстарға толық жеткілікті. Биыл қостанайлық диқандар 4 млн. 700 мың гектар алқапқа сапалы астық егуді жоспарлап отыр. Көктемгі егістік алдында облысқа жұмыс сапарымен келіп кеткен ҚР ауылшаруашылық министрі А.Мамытбеков Қостанайдағы көлік құрастыру кәсіпорынында болды.IMG_4240
«Агромашхолдинг»  зауытында жылына 800 дана комбайн  шығарылады. Сұраныс бар. Былтыр еліміз бойынша 260 комбайн сатылды.         .IMG_4243
-Үстіміздегі жылы  «ҚазАгроқаржы» АҚ қаржы институты арқылы дала кемелерінің қосымша екі жүз данасын сатуға келісім жасалды. Комбайндардың 40 пайызы Қостанайда құрастырылған. Бөлшектер Белорусиядан әкелінді. 2014 жылдан бері «Есіл» комбайндарынан бөлек, ағылшындық техникалар шығарыла бастады. Бәрі автоматтандырылған, сол себепті бағасы да жоғары,-дейді «Агромашхолдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дин Ким.IMG_4276
Зауыт басшылары техникаға сұраныс жағынан еш қиындықтар туындамайтындығына  сенімді. Өйткені, бүгінгі таңда облыстағы  машина – трактор паркінің дені жаңартуды қажет етеді. Оның үстіне ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізуде мемлекет тиімді мүмкіндік ұсынып отыр.IMG_4205
-Шаруаларға арнайы лизинг бойынша тиісті жәрдем жасалмақ. Мәселен, сатып алынған техниканың  25%-і субсидияланады. Ең бастысы, отандық тауар өндірушілерді қолдауды тоқтатпаймыз,-дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.IMG_4232
Аталмыш зауыт қосалқы бөлшектер өндіру көлемін де  арттырмақ. Бұл Қазақстанның сұранысын толық қамтиды.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓