Бәрекелді! Дәрі әкелді…

Қостанайға қосымша дәрі-дәрмектер келе бастады. Күні кеше облыс орталығындағы "Стофарм" компаниясының таратқыш қоймасына 130 мың қаптама дәрі-дәрмек тиелген фура келді. 367e2950-a896-4d61-97ba-8f6319c994ae
Өңірге дәл қазіргі уақытта адамдарға ауадай қажет антибиотиктер әкелінді. Мәселен, 58 мың құты ішкі бұлшық ет инъекциясы үшін ерітінді дайындауға арналған цефтриаксон, 36,5 мың – цефазолин, 20 мың  қаптама ацетилин дәрісі, 3 мың қаптама Тамифлу мен Терафлю бар. Аймаққа Клексан дәрісі де жөнелтіліпті, бірақ анау айтқандай көп емес – 200 қаптама. Оны емделіп жатқан науқастарда тромбоздың пайда болуына жол бермес үшін қолданады. Бұл дәрілерді сатып алуға тапсырыстар Стофарм қоймасына Қостанай облысының барлық дәріхана желілерінен келе бастады. Бүгіннің өзінде, компания директорының айтуынша, олар халыққа сатуға шығарылыпты. Адамдарға азитормицин дәрісі де қол жетімді екенін айта кету керек – барлығы 6 мың қаптама қорда бар. Сондай-ақ, вирусқа қарсы гроприносин атты дәрінің 3,5 мың қаптамасы таратылуда.
"Тізімде цефазолин, цефтриаксоносн, азитромицин, вирусқа қарсы және қызу түсіруге арналған антибиотиктер бар. Біз Қостанай дәріханаларымен бірігіп, дәрі-дәрмектердің барынша тезірек дәріханаларға таратылғанын қалаймыз. Әсіресе, Фармаком және Забота желілеріне жөнелтілім жасау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, дәрілік заттар шалғайдағы аудандар мен елді мекендерге де жеткізіледі. Арқалыққа, Амангелді мен Жангелдин аудандарын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Өз тарапымыздан халыққа дәрі тапшылығын сездірмеу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз", – дейді ЖШС-нің коммерциялық директоры Сергей Атикин.
Облыстық Тауарлар мен көрсетілер қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің айтуынша, таяу күндері аймаққа қажетті дәрі-дәрмектің кезекті легі әкелінеді деп күтіліп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓