Сауатты мердігер – сапалы жұмыс
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 5,4 млрд теңге игерілді. Бұл туралы олыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында айтылды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А. Костюков автомобиль жолдарындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді.
Осы күні мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 5064 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2 533 адам екі қолға бір күрек таппақ. Қазірдің өзінде 939 адам жұмысқа тұрған. Сонымен қатар, 30 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары басталған жоқ. Олардағы жұмыстары басталғанда уақытша жұмыс орындары және табылады деп отыр басқармадағылар. Атап айтқанда, Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Қамысты аудандарында бір-бір нысаннан іске асырылады. Ал Алтынсарин ауданында 2 нысан жөнделсе, Қостанай қаласында 25 жоба атқарылады. Осыған байланысты аудан және қала әкімдері жобалардағы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуын жеделдету қажет. Бұл – облыс әкімінің тапсырмасы.
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларын іске асыру кезінде құрылыс-монтаж жұмыстары үшін материалдарды пайдалану кезінде жергілікті қамту үлесін кемінде 90%-ға жеткізу маңызды мәселе саналады. Мұны құрылысшылар да, мердігерлер де жақсы біледі. Жобаларға қалалар мен аудандар әкімдіктері тапсырыс беретінін алға тартсақ, бұл бағытта жұмыстың әлсіздігі байқалады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде облыстың бірнеше көшелерін орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Олар: Алтынсарин ауданындағы Больничная (мердігер – «Танар» ШҚ), Амангелді ауданында Жалдама селосындағы («Алюминстрой» ЖШС) көше, Әулиекөл ауданында Аманқарағай селосындағы ВЛКСМ 70 жылдығы және Пушкин, Арқалық қаласындағы жергілікті автомобиль жолдары, Фурманово селосына кіреберіс көше. Бұл нысандарда пайдаланылған жол-құрылыс материалдарына СТ – KZ сертификаттары берілмеген, ал соңғысы жергілікті қамту үлесінің басты көрсеткішін анықтайды, – дейді А.Костюков.
Жалпы, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті материалдар пайдаланылған. Мәселен, жолдарға төселген құм, қиыршық тас, асфальт құжат сертификатымен расталмаған. Сол себепті аталмыш материалдар жергілікті қамту үлесінің көрсеткішіне кірмейді. Бұл мәселе де аудан басшыларының тікелей құзырында.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жолдағы жұмыстардың сапалы орындалуына мән беруді тапсырды. Әсіресе, мердігер ұйымдармен келісім-шарт жасауда ұқыпты болуды айтты. Себебі, тасжолдардағы сапасыз жұмыстарға мердігер ұйым тікелей жауапты.
Суретті түсірген Б.Ахметбеков