Дәрігерлерге айтар алғысым зор

Қазргі қысытлаяң шақта кімге болмасын оңай емес. Ауру алқымнан қысқанда жаның көзіңе көрініп, бойыңнан қуат кете бастайды екен. Осындай кезеңде кімге, неге сенеріңді білмей қиналады екенсің. Мен да осы аты жаман ауруда бастан өткеріп, жеңіп шыққан адаммын. Менің жазылып шығуыма дәрігерлдердің көмегі зор болды.
Ол кезде Атырауда жұмыспен жүрген едім. Өзімді әлсіз сезініп, дірілдеп тоңа бастадым. Жұмыстағы медпунктке бардым. Дене қызуым 37,8 болды. Салқын ұстағандай сезіндім. Дәрі ішіп, өзімді нашар сезінген соң жұмысқа жарамсыз парағын ашып, үйге сұранып, Қостанайға келдім. Сол кезде-ақ мұның тегін емес екенін түсіндім. Тамақ іше алмай қалдым. Дене қызуым көтеріле берді. Үйге келсімен бала-шағамды ойлап, бірден ауруханаға бардым. Барлық сараптаманы тапсырдым. Сараптама нәтижесі шыққанша жөтелім күшейіп, қатты қысылып, ауыра бастадым. Құр сүлдерім қалды десе де болады. Жөтел бірден күшейіп кетті. Үйде екі күн жаттым. Екі күннен соң сараптама нәтижесі келіп, мені бірде Затабол кентіндегі ауруханаға алып кетті.
мереке
Шынымды айтсам, сол ауруханаға кетіп бара жатып-ақ өзімнің халімді көріп, енді отбасыма қайта оралмаспын деп ойладым. Осы ауруханадан шықпай қалатындай көрдім. Оннан-мұннан небір ақпараттарды естіп алғанмын, әбден үркіп, қорқып, үмітім үзілуге шақ қалды. Бірақ Қостанайдың ауруханасы мен ойлағандай           емес, өте жақсы емдейді екен. Онда жүрген қыз-жігіттер, дәрігерлер менің үмітімді жалғады. Өзіме сенім берді. Өте жақсы емдеді. Күнде қадағалаудың арқасында ғана емес, жаныма жылу берген, жігерлендіретін сөздердің арқасында мен жазылып шықтым. Олар: «аға, бұл бар болғаны тұмау деп ойлаңыз. Өзіңізге сеніңіз, жазылып шығасыз»  дегенде өзімді-өзім қолға алдым.
            Осындай күтімнің арқасында, дәрігерлердің зор еңбегінің арқасында мен екі жетінің ішінде жазылып шықтым. Қазір қаншама адам ауырып жатыр. Бәрінің де хал-жағдайын түсініп отырмын. Оларға тездетіп жазылып шығуларына тілектеспін. Алып жатқан емдері шипалы болсын. Қаңқу сөзге сеніп, ере бермей өздеріңізді қолға алып, ем алыңыздар. Ал осындай қысылтаяң уақытта зыр жүгіріп, күні-түні талмай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге айтар алғысым зор.
Әр жұманы арнайықшы індетке
Әр қазаққа қол жаюды міндетте
Иманды болсын марқұм болған адамдар
Осы індеттен келмей кеткен келмеске
 
Тілейікші барлық қазақ алдағын
Тек АЛЛА-дан бәрі жақсы болғанын
Қасиетті жұма күні қол жайып
Жақсы болсын әрбір атқан таңдарың
 
Мереке Баймұханов,
Құшмырын стансасы,
Әулиекөл ауданы.

You may also like...

1 Response

  1. Гульсум айтты:

    Осы ауруды жеңіп, қайтып ортамызға келеГніңе шын жүректен қуаныштымыз. Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓