Азат пен Таңат тандемі жеңіс әкелді (БЕЙНЕШОЛУ)

Футболдан ҚР чемпионатының 14 турында "Тобыл" Атырауда қонақта болды. Бұған дейін ҚР Кубогында батыс жігіттеріне есе жіберген қостанайлықтар бұл кездесуге ерекше дайындықпен келді. Олар алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өздеріне алып, шабуылға шықты. Бірақ қос қрасылас бірінші таймда гол соға алмады. Ойынның екінші бөлігінде де есеп ашатын біраз мүмкіндік болды, дегенмен шабуылшылар мүлт кетіп жатты. Тек ойын аяқталар тұста "Тобылдың" капитаны Азат Нұрғалиев қарсылас қақпасынан саңлау таба білді. Бұдан соң Азат пен Таңат тандэмі Атырау жігіттерін тағы қапы қалдырды. Азат ойындағы екінші голын соқты. Осылайша, "Тобыл" турнирлік кестедегі үшінші орнын сақтап қалды.   
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓