Су құрбанына айналды
Күні кеше кешкі сағат 6-лар шамасында 112 пультіне оқыс жайт туралы дабыл келіп түсті. ТЖД жедел құтқару жасағының сүңгуірлері сағат 20.35 кезінде өзеннің жағалаудан бес метр қашықтығындағы тереңінен марқұмның денесін сыртқа алып шықты.
"Дәл сол күні нақ осы маңда бірнеше сағат бұрын ғана жергілікті құтқарушылар мен полицейлер сақтық шараларын түсіндіруге арналған оқу-шжаттығулар өткізген. Осы оқудан өткендердің тізімінде марқұмның қолтаңбасы да бар. Ол құзырлы органдар өкілдерінің кеңестерін қаперіге алмағандықтан, өкінішке қарай, су құрбанына айналды", – делінеді облыстық ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарламасында.