Қосымша мамандар қажет

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай қалалық және облыстық ауруханаларына саниталар мен басқа да қосымша мамандар қажет көрінеді.
-Қазіргі ел басына түскен қиын жағдайға байланысты облыстық ауруханадағы провизорлық стационар мен қалалық ауруханаға санитарлар, тазалаушылар, оттегі баллондарын тасушы сияқты т.б. қосымша мамандар ауадай қажет. Түсінеміз, жұмыс оңай емес, дегенмен ерікті ретінде келіп көмектесеміз деген жандарға есік ашық. Әрине, бұл қызметтер үшін арнайы белгіленген жалақы төленеді. Оның сыртында жеке қорғану құралдарымен де қамтамасыз етіледі, – дейді баспасөз қызметінің өкілі К.Жылқыбаева.  
Егер сіз көмектесуге дайын болсаңыз, облыстық аурухананың бас дәрігерінің қабылдау бөлмесіне (53-44-46) және Қостанай қалалық ауруханасының кадрлар бөліміне (53-49-60) хабарласуыңызға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓