COVID-19: 200 адамға жетті
Қостанай облысында, 6 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирустық инфекция симптомдары бар дертке тағы 2 адам шалдықты. Жітіқара аласында және Қарабалық ауданында COVID-19 індеті 1984 жылғы ер адамнан және 1979 жылғы әйелден расталды. Екі жағдай да эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды.
Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, олармен байланысқан адамдар медициналық бақылауға алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
2020 жылғы 6 маусымдағы мәліметі бойынша, Қостанай облысы аумағында коронавирустық инфекция жұқтырған адамдар саны 200-ге жетті.