“Тобыл” тағы да жеңді (БЕЙНЕШОЛУ)

Футболдан ҚР біріншілігінің 11-турында "Тобыл" сырт алаңда  Шымкенттің "Ордабасы" командасымен ойнады. Турнирлік кестедегі үздік үштікті түйіндеуге таласқан қос қарсыластың ойыны тартысты өтті. Оңтүстік жігіттері алғашқы секундтарда-ақ шабуылыға ден қойды. Қорғана жүріп қарымта шабуылға ұмтылған қостанайлықтар бірінші таймда есеп ашып үлгерді. Қақпа маңынан айып добын тебуге мүмкіндік алған Бауыржан Тұрысбек жақын тоғыздықты дәл көздеді. Осылайша, "Тобыл" сапындағы үшінші голын соқты. Алаң иелері қанша шабуылдағанымен қонақтар қорғаныста сауатты ойын өрнегін көрсете білді. "Ордабасы" ойыншылары қанша тырысқанымен есепті теңестіре алмады. Ал "Тобыл" үшінші ойын қатарынан жеңіске жеттіп, жарыс кестесінде үздік үштік қатарында қалды. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓