Жанар-жағармай бағасы төмендеді
Елімізде жанар-жағармайдың бөлшектік саудадағы бағасы арзандады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

Бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар дизель отыны – 1 литр үшін 107 теңге; Аи-80 – 1 литр үшін 89 теңге; Аи-92/93 – 1 литр үшін 115 теңге болып белгіленді.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалинге жүктелді.
Бұйрық қол қойылған күнінен, яғни бүгіннен бастап, күшіне енеді.