Қиындықты елмен бірге еңсереміз

«Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді. Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді», – деді Президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы бұл індетпен күрестің жалғаса беретінін мәлімдеп, халықты еңселерін түсірмеуге шақырды. Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдарының жауапқа тартуы дұрыс шешім. Себебі, мұндай әрекеттерге тосқауыл қою қажет.
Қазіргі уақытта халық әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенетіні жасырын емес. Бұдан былай жалған ақпарат таратқан адамдар қылмыстық кодекске сәйкес жауапқа тартылмақ.
Бүгінде мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып, қомақты қаражат та бөлініп жатыр. Ел болып бұл қиындықты да еңсереміз деген үміттемін.
Динара ӨТЕБАЕВА,
«ГРИН Костанай облысы
Азаматтық альянсы»
ҚБ төрайымы.