Індетті жеңудің жолы – бірлік

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасап, коронавирустан сақтануға шақырды. Расымен де, қазір бұл індетке атүсті қарауға болмайды. Мұны әлемдік практика дәлелдеп отыр. Қазақ десең, өзіңе тиеді. Бірақ, айтпасқа тағы болмайды. Қабылданған қаулыны пысқырмай, тығылып той жасап жатқандар бар. Ағайын, сабыр сақтайық! Шыдамдылық танытайық. Қазір той тойлап, ат шатптыратын уақыт емес. Оған әлі үлгереміз. «Әр қазақ – менің жалғызым». Бұл сөзді кеше Президент тағы бір еске салды.  Әр азаматымыздың қазасы біздің де жүрегімізге қатты батады.
Screenshot_20200709_130212_com.android.gallery3d
Мынау алапат індет арамыздан талай мықтыларды алып кетіп жатыр. Ажал айтып келмейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бір адамның қазасы күллі қазақтың қайғысы болуы тиіс. Бір адам бір отбасының, қала берді, бір аумақтың денсаулығына жауапты. Сондықтан билік шығарып жатқан қаулы-қарарларды бұлжытпай орындайық. Мұның бәрі біз үшін, біздің жақындарымыздың денсаулығы үшін жасалып жатыр. Коронавирус ешкімді аяп жатқан жоқ. Індетті жеңудің жолы – бірлік. Мұны күн сайын айтып жатыр. Құлақ асыңыздар. Тек жақсы күнде кездесейік!
Сайран Бұқанов, Қазақстанның Еңбек Ері

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓