3-жұп – Батырлан мен Злиха (ЖАҢАРТЫЛДЫ)
Алла деп шабытыма қамшы бастым.
Алаштың қолдауының арқасында,
Айтыста мықтылармен сан сынастым.
Азат күннің арқасы арқам кеңіп,
Тоқтағаны жанардан тамшы жастың.
Өзімді азат ел деп жариялап,
Көзімді қиындықтан аршып-аштым.
"Аяулы арқадағы ел аман ба?" деп ,
Əуелі əз халқымнан хал сұрастым.
Несіне бүгін сенен жасқанайын.
Тұсауын кесіп биыл бұл жобаның,
Құшағын ақындарға ашты ағайын.
"Қостанай таңы" газеті мұрындық боп,
Бастарын ақындардың қосты ағайын.
Разы боп ағалардың пейіліне,
Мен де осы жобаға бас болайын.
Құптасып үлесімді қосам бүгін,
Тік қасық бола бермей асқа дайын.
Өнермен өрге жүзсең, өкінбейсің,
Бар елден биік болып, Қостанайым.
Деп айтқан кезінде Ахаң көзі тірі.
Баспасөзде берілген бар ақпарат,
Жазылған ақындардың назы үкілі.
Алаштың жан айқайын жеткізеді,
Ағалар алтын сөзін жазып ірі.
Халықпен байланысты сақтап тұрар,
Газет деген – рухани қазық ұлы.
Қазақты тура жолдан тайдырмаған,
Алла үкімінен кейінгі сөз үкімі.
Аруға алқа тағып, сый бермеген.
Жиырма беске келіпсің жанталасып,
Жүргенде күнделікті күйбеңменен.
Жастық шағың текке өтіп жатыр сенің,
Тойларда жарыңменен биленбеген.
Не əскерге барып та жарытпадың,
Отанға сөзбен пайдаң тигенменен.
Не əйелді алып та жарытпадың,
Қолыңа күміс жүзік кигенменен.
Кемшілігің бар ма еді қыздан қашар,
Көзің қисық немесе күйген денең?
Өмір деген қас-қағым сəт емес пе –
Жөн болар жақсы істерден именбеген.
Асуын аттағанмын жыр-белестің.
Жасымнан қара өлеңге құмар болып,
Өлеңнің бақшасында гүлдеп өстім.
Қайғырма ұлы өнерден қол үзер деп,
От тілді ақындармен іргелеспін.
Теңімді тапқаннан соң тұрмыс құрып,
Басына шыққандаймын шың-белестің.
Тапқан теңім не керең, бүкір емес,
Жарымды айта алмайды "құл" деп ешкім.
Мақтап-мақтап мақтамен бауыздасаң,
Басталғаны деп білем бұл да егестің.
Бірінші боп тиістің тілмен түртіп,
Деп ойлап ем бұл жайлы үндемеспін.
Өзі келіп сотқардай соқтықпаса,
Тексіздей тілмен шағып тілдемеспін.
Біреулердің қызғанып нар бақытын,
Өресі тар адамдай күндемеспін.
Жұбын таппай жалғанда жалғыз жүріп,
Көрген жоқпын жайлы өмір сүрген ешкім.
Əсиядай апамның соңына ерсем,
Қарсыласты қалайша жүндемеспін".
"Игі істер жасап жатса Қостанай шын,
Қалайша бұл жобаны қостамайсың?
Биылғы жыл басталып елге сәтті,
Көк аспаннан алтын күн шашты арай шын.
Өз сөзіңді теріске шығарам деп,
Батырлан-ау, əдептен аспағайсың.
Пенденің тартып алар күші жоқ деп,
Осы сөзді аузыңнан тастамайсың.
Кім бақты тартып алып жатыр дейсің,
Сөзіңе бөтен сөзді қоспағайсың.
Қыз сұрап қақсап едің Қарт Торғайда,
Қалайша бұл сөзімді растамайсың?
Көңілмен сүйе алмасаң бір сұлуды,
Тəңірден тегін бақыт тоспағайсың.
"Қыңыр мінез жүндеуге" келмейді деп,
Сен олай көпке топырақ шашпағайсың.
Айқасқанның көкесі алда əлі,
Əп дегеннен сөз таппай саспағайсың.
Қарекет қылмаған соң, қынжылғаннан,
"Құдайым бермейді" деп қашпағайсың.
Əр кез аулақ болайық ауыр ойдан,
Қазағым қажыды ғой жауыр ойдан.
Ақындар ел еңсесін көтермесе,
Халықтың шағылмайды тауы қайдан?
Қаланы барлық адам мекен етсе,
Жанады ауыл жақтың шамы қайдан.
Мінбеден бəрі жақсы деп сайраса,
Бұл деген қазақ үшін қауіп, ойлан.
Көкелер ауыл жаққа бет бұрмаса,
Қирайды қара шаңырақ қаңырайған.
Елімнің аңызына қосқан аңыз,
Біз қалай шындықты айтпай жасқанамыз?
Үздік елдер қатарына кірмек түгілі,
Біз əлі бар əлемді басқарамыз.
Дүниені билеген Шыңғыс хандай,
Нұрсұлтан – заманынан асқан абыз.
Жиырмаға кеп зіңгіттей жігіт бопты,
Кеше ғана салынған Астанамыз.
Еркіндік елдің өтер өткелі еді,
Елордам – еліміздің бақ-беделі.
Астананың көркіне ғашық болып,
Талай ақын жырларын төккен еді.
Нұрағамыз бастады алға бізді,
Қасына жинап алып бек-төрені.
Несіне жаңа Астана салады деп,
Талайлар қарсы шығып өкпеледі?
Жиырма жылда жайнаған жаңа Астанам,
Мен үшін қағба тастай меккедегі.
Басыңда бостандығың болмаса егер,
Боданда өткен өмірдің жоқ керегі.
Үндеген жайлы өмір мен жақсы күнге,
Бұл деген біз өтетін мектеп еді.
Нұрлы істерге тəнті боп барша ғалам,
Туристер де ағылып көп келеді.
Азат күн нұрын төксе көк аспаннан,
Қазақтың осы емес пе көктегені.
Елімнің еркіндігін айқындайтын,
Астанам – азат күннің нақ дәлелі.
Сөзіңнен талай жастар табар үлгі,
Өзіңнен қандай бірақ алар үлгі?
Қазақтың қара баласы өзің едің,
Жалаң аяқ кешетін қара құмды.
Джентельмен боп қақиып жүре бермей,
Тез арада тауып ал мадамыңды.
Жиырма бестен ассаң да бойдақ жүрсің,
Сұлуларға қадамай жанарыңды.
Жар таба алмай жүргенің қызық екен,
Той тойлап тоздырсаң да табаныңды.
Əйел алсаң жинақы жүресің ғой,
Өкшеңменен сүйретпей балағыңды.
"Отызда орда бұзам" деп армандама,
Жиырма бесте жармасаң қара қылды".
Батырлан:
Ұсақ сөзбен түсірсек ел еңсесін,
Жүзе алмай қайырлайды есіл кеме.
Алыстан айтысқан соң аузын ашып,
Батырлан сөйледі ғой төсін кере.
Шиліде айтысқанда шиедей боп,
Төрт аяқтап қашқаның есіңде ме?!
Доданы жалғыз өзің жаратындай.
Əр сөзімнен мін іздеп теріп отсың,
Сөз терер ақылы кем бала ақындай.
Бұл бала бір биікке шыққандай боп,
Аузыменен тек орақ оратындай.
Қалжыңыма өкпелеп бұрқылдадың,
Əйелді біреу үшін алатындай.
Несіне мініңді айтып тізбелейін.
"Құлпырған қызғалдағы қазақтың" деп,
Одан да өсірсеңші қыз мерейін.
Үйленсеңші дегенге үрейленсең,
Айтуды қоямыз ғой біз де кейін.
Менің ойым жақсы бір жар кездесіп,
Жанұя болсын деген күзге дейін.
Қыздар десе бар екен аллергияң,
Маған десең жалғыз өт жүзге дейін.
Жөн болмас қысқа сөйлеп кергігенің.
Сенен мықты, сұрапыл ақындардың,
Сахнада талайын жер қып едім.
Нені жырлау керегін үйретпегін,
Ауыл мен Астананы тең қып едім.
Қазақтың қаласын да, ауылын да,
Тепе-тең жырлай алар кең жүрегім.
Тарихты талай мəрте жырға қосып,
Сөзімді таудан аққан сел қып едім.
Сен маған ұстаз болам деп ойлама,
Аузыма сөз салардай сен кім едің?!
Аямай ақиқатты тілсін жырым.
Сөзімді қалың қазақ құптаған соң,
Сүйретіп тағы шықтым жыр шылбырын.
Құтылып бодандықтан сан шүкір деп,
Алашым, арлы жолда жүрсің бүгін.
Кеңестік саясатқа қарсы шығып,
Қайраттай қаза тапқан қыршын құлын.
"Елім" деп еңіреген жан болмаса,
Нардай боп көтере алар бұл сынды кім?
Халқымның ақ тілегін қабыл етіп,
Жаратқан төкті бізге тылсым нұрын.
Орындап армандарын боздақтардың,
Нұрағам көкке ұшырды күншіл күлін.
Тәуелсіз боп, ел көрдік, елеулі боп,
Қазағым, кеше кімсің? Кімсің бүгін?
Елу ел елу жақтан тап берсе де,
Қазақты қирата алмас мың сүргінің.
"Жас ұрпақ " деп, лапылдап жанбағанда.
Надан болып туса егер бабаларым,
Бодан болып өзгеге қор болам да.
Қанымызда батырлық болмаса егер,
Бүгінде жоқ болам ба, бар болам ба?
Жетістігін көрмесек жақсы істердің,
ЭКСПО- дан өте алмай дал болам да.
"Мәңгілік ел" атанып қуанбас ек,
Көшбасшымыз көреген болмағанда.
Жарыста Жадырадай құлпырамын.
Азат күнге мәңгілік тəубе дейін,
Қара күйе жаға алар ұлтыма кім?
Соғыс түгілі əскерге бармайсыңдар,
Тоқшылыққа қанбайды бір құмарың.
Жақсы жағын жырлап ем жұртымыздың,
Жаның шығып кетердей шырқырадың.
Жеңіліп қалам ба деп алаңдадың.
Сөз тергенді өз басым ұнатпаймын,
Əйтпесе, таға аламын саған да мін.
Мендей емес бастыққа бағынасың,
Өзіңше ойлағанмен қоғам қамын.
Тәуелсіз елде жүріп өзгелерге,
Тəуелденген ашиды саған жаным.
Астананың жырла деп кем-кетігін,
Нұсқау беріп пе еді əлде адамдарың.
Бұдан жаман кезінде тойға барған,
Қазағым құтты қылған қадамдарын.
Шабысың маған мүлде ұнамай тұр,
Шабан аттай шаң қауып шабандадың.
"Арық атқа қамшы ауыр" деген рас,
Қанша қамшыласам да шаба алмадың".
Злиха:
"Кірмесін қара мысық енді араға,
Тəубелі жан тірліктен кем қала ма?
Халайық не ойлайды хас дұшпандай,
Ақындар сыймай жатса кең далаға.
Жасымды сыйласаңшы тым болмаса,
Жармаса бермесеңші сен жағаға.
Түзу талдай түзеліп енді сөзің,
Біртіндеп келе жатсың жөн-жобаға.
Жақсы ойдан жақсы өлең туады шын,
Елге де ұнамап ед "ту" алысың.
Қазаққа қақпан құрған қанша дұшпан,
Секілді көре алмаған қу абысын.
"Аққа құдай жақ" деген мəтелді айтқан,
Ауызы аталардың дуалы шын.
Қазағым жеңіс туын желбіреткен,
Батырдай боп тоқтатқан су ағысын.
Жиырма жылдық тойында Астананың,
Бүгінше болсын елге шуақ ішің.
Кемшілікті терерсің басқа жолы,
Бір сəтке құлақтардан шу арысын.
Жетпіс жыл жаутаңдаған қазағымның,
Көпсінбе жиырма жылдық қуанышын.
Қазағым, өшірмесең отыңды əлі,
Түтінің түзу ұшып лапылдады.
Алашқа ақ өлеңін арнап жатыр,
Обылыстың от тілді ақындары.
Сен маған сын айтып ең сəуегейдей,
Тісіңді бізге қарай батырғалы.
Батырлан-ау, мен бірақ дей алмаймын,
Сөздерің жүрегімді зақымдады.
Арманым болмас еді алашымның,
Айтысыма толса егер тақымдары.
Екінші айналымға өтсе екен,
Сөзге мерген, тек қана батылдары.
Айтыс деген майданы ақындардың,
Сарбаздары ержүрек сапындағы,
Ақын деген əрдайым ақберендей,
Жауына дайын тұрар атылғалы.
Қос ақынның айқасы елестетер,
Атышулы айқасты Татырдағы.
Бұл жобаны бастаған ұжымға алғыс,
Бір табан ел-жұртына жақындады.
Ағалардың еңбегін шын бағалап,
Халайық "Игі іс" деп, мақұлдады.
"Қостанай таңы " газеті жасай берсін,
Күн сайын еселеніп оқырманы.
Ақын деген ұқсайды көрегенге,
Жыр сəулесін əрдайым себеді елге.
Айтып отқан сөзімде үлкен мəн бар,
Саналы сөз түсініп елегенге.
Халықтың кемшілігін ғана терме,
Шұрайлы өлең күтед(і) сенен ел де.
Шаппай бəйге алатын мəстек емес,
Сүрінбейтін шын тұлпар керек елге.
Бірінші орын алдың Қарт Торғайда,
Бұныңды бассыздық деп сөгеді ел де.
Байбатырға жол бергем жездем ғой деп,
Жүлде үшін таласпаушы ем жолы еренге.
Бірақ та саған ешкім жол бермеп ед,
Жырыңды оңды-солды төге берме.
"Оңай олжа" алғанға етің өліп,
Бұл сенің көрсететін өнегең бе?
Кейкіден де алып ең бірінші орын,
Бірақ та өз күшіңе сене берме.
Басқа-басқа, Хамитбек ағаңызға,
Жол берсең айналар ең ерен ерге.
Абылайдай атақты ағаңа еріп,
Ұқсайсыңдар сыбайлас бөлелерге.
Сөйтіп тұрып билікті сынға аласың,
Мін тағып өз алашын жеген ерге.
Үшінші орынды беріпсің Көкбөріге,
Атамның басын бөкенге теңегенге.
Ішінде іліп алар ірі сөз жоқ,
Атамның басын айтқан тек өлеңде.
Бір мезгіл өзіңе де қарап қойсай,
Өзгенің мінін ғана көре берме.
Бұл жолы билік тиді əділ шешер,
Əсия, Жанұзақтай төрелерге.
Ал енді сыйына бер бір Аллаға,
"Оңай олжа" алам деп дəмеленбе.
Батырлан:
Злиха:
"Жауапты жиырма сағат кешіктірдің,
Келмейді əсерімді еш ұқтырғым.
Басында жұмсақ сөзбен бастаған ем,
Мін тағып мені өзіңе өшіктірдің.
Билердей байқап сөйлеп, биязы үнмен,
Халықты өлеңіме ғашық қылдым.
Депсің ғой өрісті өлең жаза алмадық,
Соңында өз мініңді ашып тындың.
Өз басым өрісті өлең жаза алдым деп,
Кеудесін қарсыластың басып тұрмын.
Злихадан қашады барлық ақын,
Талайын сөзбен шымшып шошыттырдым.
Əулие емессің ғой дəл солардан,
Қайтесің бостан-босқа бөсіп, құрбым.
Жаңылып жүрісіңнен "жол бердім" деп,
Қос қолыңды көтеріп қашып тындың.
Жыр сыйла, сыйламасаң да жасымды, айнам.
Айтпаймын кемшіліктің расын қайдан?
Біз ептесек, біз өспесек деген сөзді,
Ұйқастырып жасапсың шешім, байлам.
Өз басым ондай ұйқас естігем жоқ,
Жыр кеудесі кең байтақ төсін жайған.
Нұрхандай нағыз өлең жаза алмасақ,
Сүйрейміз ұлы өнердің көшін қайдан?
"Шөп те өлең, шөңге де өлең, шөгір де өлең ",
Деген теңеу шыққан ғой осындайдан.
Несіне өктем сөйлеп, өрекпідің,
Жыр жазсаңшы өлеңнің елеп құнын.
Кінəні өзгелерге арта салма,
Сылтауыңа келтіріп себепті мың.
Айбектей ақтаңгердің шəкіртісің,
Ентікпей шабу керек ерек бүгін.
Аузыңды ашып жүресің, күліп ылғи,
Айтысқа қажет болар бөлек білім.
Айбектей ағамыздан үйренсеңші,
Өлеңді қалай жазу керектігін.
Тұсауын бұл айтыстың кесті, міне,
Беделі облыстың өсті, міне.
Тиражы көбейсе екен газетімнің,
Айтыс жасап жатқанын естіп іле.
Халықтың дауысымен бағаланса,
Ұқсамас ескі айтыстың ешбіріне.
Ақынның төкпе жыры Алатаудың,
Аумайды таудан аққан көшкініне.
Жыл сайын өткізіліп осы айтыс,
Айналсын алашымның дәстүріне!"
Бұл айтыста Батырланға қарсылас болатын мықты аз ау дим. Айтыс алаңына Саят Әбенов пен Марғұлан Оспановты, Абылай Мауданов пен Салтанат Өтелбайды шақырамыз! Сонда ғана қызықтың көкесі келеді
Жарайсыңдар. Мықты айтыс. Мықты қарсылас екеуіде. Сəттілік
Байбатырдың сөзіне қосылам. Бұл жұп шынымен мықты ақындар. Ал Бақытжан бауырым алауыздық болмасын бұл айтыстағы барлық ақындар мықты. Бұл жерде Абылай мен Марғұлан бар. Саятқа келер болсақ ол хит ақын. Көрінгенге өлеңді қанжардай сермеп мансапты көздеп. Саят шоу ақын. Мұндағы ақындардың біреуіне тең келмейді.
Көрінгенге өлеңді қанжардай сермеп мансапты көздеп. деген не? өзіңіз түсіндіңіз ба? Шықсын онда Абылай мен Марғұлан!
Ассалаумағалейкум әлеумет. Қос ақынның аузына Аллах сүбелi сөз салғай. Менiң шәкipтiм, ауылдасым, бауырым Батырлан Жұмабайұлы мықтылығын, даралығын, даналығын көрсетiп отыр. Жеңic Батырлан ақында ағайын. Қолдайық Батырлан ақынды.
Екеуіде өте мықты ақындар.
Тамаша айтыс Батырлан басым түсіп тұр
Айтыс тамаша тартысты басталыпты. Батырлан ініміздің сөздері ерекше.Шөліңді қандыратын керемет ойлары бар Батырлан айқын басым екен
Батырланға дауыс беремін. Керемет !
Екі ақын да тамаша! Біздің елімізде осындай дарынддар бар екен-ау
Батырлан ініміздің білімі терең ойы құнарлы екен. Туысым емес.өнерін ұнаттым сол баланікі жеңіс
Жалпы айтыс жақсы болып жатыр. Батырлан ақын Злиханың сөзіне лезде жауап беріп отыр. Ал Злиха қарындасымыз ұзақ ойланды ма кешеден бері жауап күтіп көп тостық. Тағы бір кемшілгі айтысты ұрысқа айналдырып бара жатқандай. Злихаға осы жерден тоқтан ақыл болатын шығар
Жарайсың батырлан. Мына жауаптан кейін қарсыласың бас иіп өз еркімен жол берсе. Нағыз ибалы деп айтар едім. Жеңіс Батырланға. Алға. Жарадың бауырым. Бойыңда тектіліктің тұнығы бар екен. Қазылар алқасы дұрыс шешім қабылдап, Батырланды келесі айналымға жіберсе екен.
Батырлан баланың өлеңі көркем екен
Батырлан коке жениске жетип тур. Саналы, ойлы, билими терен екен. Тек саттилик, Аллам колдасын