Облыс әкімі Астана күнімен құттықтайды

Архимед1Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтаймын!
Бүгін әрбір қазақстандық елордамыз үшін мақтаныш сезімін сезінеді және бұл мереке Қазақстан Республикасының айтулы күндер күнтізбесінде ерекше орын алады.
Өз тарихында 22 жыл ішінде еліміздің бас қаласы қазіргі заманғы және әдемі мегаполистердің бірі ретінде бүкіл әлемге танымал болды.
Оның негізін қалаушы – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі зор екені сөзсіз.
Елбасының саяси көрегендігі мен мықты еркі орасан зор жобаны жүзеге асыруға және Ұлы Даланың дәл ортасында әлемдік деңгейдегі Астананы құруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы беделді және ауқымды іс-шаралардың орталығы болып табылады.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы саммиттер, кеңестер, мемлекет және үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдардың кездесулері жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Нұр-Сұлтан әлемдегі үйлесім мен тұрақтылықты сақтау ісінде сенімді диалог алаңы ретінде қызмет етеді.
Сонымен қатар, елорда еліміздің экономикалық, ғылыми, мәдени және рухани өмірінің орталығы, тәуелсіз Қазақстанның табыстылығы мен гүлденуінің символы болып табылады.
Ол елдің барлық өңірлерін стратегиялық байланыстырып, бізге одан әрі өсуге ынталандырулар береді.
Біздің барлығымыз елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының жетістіктерін еселеу ниетіндеміз. Бұл ұлы мақсат әрқашан қазақстандықтарды жаңа жетістіктерге жетелейді.
Еліміздің бас қаласына гүлдену мен тамаша болашақ, ал әрбір үйге – амандық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!
Архимед МҰХАМБЕТОВ,
Қостанай облысының әкімі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓