Мың домбырашы рекордтар кітабына кірді
Былтыр Ұлттық домбыра күнінде Амангелді ауданында бір мезетте мың домбырашы екі күй орындаған еді. Осы іс-шара Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.
«Өткен жылы оркестрімізге 5-сынып оқушысынан 90 жасқа дейінгі қария қатысқан болатын. Сол іс-шараны таспаға түсіріп, құжаттармен қоса халықаралық ұйымның Сочидегі кеңсесіне жолдадық. Рекордты тексерушілер құжаттардың дұрыстығын қарап, қатысушыларды мұқият санап шықты. 17 мың халқы бар ауданнан бұрын-соңды мың домбырашы шықпаған. Сондықтан, олар біздің іс-шараны рекорд деп таныды», – дейді Амангелді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тәжин.