Гүлге оранған Қостанай
Күн қабағы ашылып, тіршіліктің тамырына қан жүгірген шақта дала жайнап, жер құлпырады. Көктемнің көкегімен еліміздің барлық аймақтары жасыл желекке оранып, гүлдер егіп, жайнай түседі. Гүлденген бағдарламадан біздің қаламыз да тыс қалмады. Жанарларды жаулаған көшеттер шаһар тұрғындары мен қонақтарының қөңілінен шығатын сыңайлы, оған себеп, қала көшелерін кешке торыған жастар, осы абаттандырылған гүлді мүсіндермен суретке түсіп, қызықтайды.
Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көгалдандыру жұмысына 2015 жылы 18,8 млн теңге қаржы бөлінген. Қала көркін қыздыруға ат салысып, аянбай еңбек етіп жүрген Наталья Елизарова: «Біз «Тазалық» ЖШС 3 жылдан бері Қостанай қаласын көкалдандырумен айналысып келеміз. Орталық саябақ, «Жеңіс» саябағын, барлық көшелерді абаттандырамыз. Гүлдерді өзіміз өсіреміз. Қызғалдақ, бәйшешек сияқты көз жауын алатын желектерді отырғызамыз» – дейді.
Кенже Қонысбай