48 адам індет жұқтырды
Қостанай облысында, 2 шілдедегі мәлім ет бойынша, коронавирус инфекциясын 48 адам жұқтырған.
Облыстық орталығында Covid-19 жұқпасымен 39 адам, Рудный қаласында-5, Тобыл қаласында-1, Қостанай ауданында-2, Қарабалық ауданында-1 адам тіркелді.
Емделушілер тамақтың ауырғанымен, дене әлсіздігімен, КВИ науқастармен байланыста болғандар ретінде,сондай-ақ медициналық мекемеге жатқызар алдында жоспарлы тексеріс кезінде тексерілді.
Ауру ошақтарында мамандар профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді, байланыста болған адамдар анықталуда.
Эпидемиологиялық тексеру мен эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
Жалпы Қостанай облысында індет жұқтырғандар саны 993-ке жетіп отыр. 280 адам сауығып шықты.