Маңызды құжат мақсатты биікке жетелейді
Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты биылғы Жолдауы ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Осындай кезекті бір мәжіліс таяуда Алтынсарин ауданында да өтті.
Оған ауылдық округ әкімдері, шаруашылық, кәсіпорын жетекшілері мен кә-сіпкерлер қатысты. Аудан әкімі Батырбек Ахметов жиналғандар алдында "Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол" Жолдауының маңызына тоқталып, аудан көлемінде атқарылған істерді баяндап берді.
"Елбасының биыл-ғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Тарихқа үңілетін болсақ, экономика үшін ауыр кезеңдерде инфрақұрылымды дамыту, экономиканы жандандыру ең тиімді құрал болып саналады.
Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалық, тұрғын-үй және т.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді.
Еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе Қазақстанның Еуропа мен Азияны жал-ғайтын жерүсті халықаралық дәліздеріне белсенді қатысуы екендігі даусыз. Бұл тек қана өнімдерімізді халықаралық нарықтарға тиімді жеткізу емес, сонымен қатар транзиттік тасымалдау төлемдерінің ел пайдасына түсетіндігінде", – деп атап өтті Батырбек Мықансалықұлы өз баяндамасында.
Аудан әкімінің мәлімдегенін-дей, өңірде сегіз шаруашылық етті бағыттағы қара мал өсірумен айналысады. Мемлекеттік "Сыбаға" бағдарламасы бойынша Алтынсарин ауданының шаруаларына 463 бас ірі қара сатып алу және тапсырылды. Бүгінде соның 330 басы әкелініпті. Яғни, межелі жоспар 71,3%-ға орындалған. Тағы 126 мүйізді ірі қара сатып алу үшін тиісті құжаттар әзірленіп жатыр.
Сондай-ақ, аудандағы "Мельагропром" ЖШС-і "Құлан" бағдарламасы бойынша 200 жылқы сатып алуға ниетті. Ал "Хамит.М.М" шаруа қожалығы "Алтын асық" бағдарламасын тиімді пайдаланып, қой басын кө-бейтуге ықылас біл-дірді. Обаған өңі-ріндегі өнеркәсіппен айналысып жатқан кәсіпорындар да ау-дан экономикасын арттыруға өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, мұндағы 6 субъекті ағаш өң-деу, минералды жә-не ауыз су өндірісі, баспа ісін жандандыруға бел буыпты.
Алтынсариндіктер осы кезге дейін барлығы 1 млрд. 961 млн. теңгенің өнімін өндірген. Жан басына шаққандағы индекс көлемі 100,3%-ға тең. Ауданда "Обаған құс" ЖШС" инвестициялық жобасы да қарқын алды. Тәулігіне 1 млн. дана жұмыртқа өндіретін Силантьев ауылындағы құс фабрикасының құрылысы таяу жылдары өз жемісін бермек. 2015 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін Осипов елді мекеніндегі 200 қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының жобасы да индустриализация Картасына енгізілмек. Біз сөзбен айтқанда, Президент Жолдауында көрсетілген міндеттерді Алтынсарин ауданы мүлтіксіз орындауға пейілді.
Ауылдар ауыз сумен қамтылады
Алтынсарин аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы:
Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" деп аталған биылғы Жолдауы бәріміздің көңілімізден шықты.Неге десеңіз, мұнда уақыт талабына сай елімізді өркендету жолын одан әрі қарай жалғастырудың барлық тетіктері қамтылған. Бұрынғы Жолдауларда көрсетілген, жаңа құжаттағы белгіленген міндеттер алтынсариндіктерді де алға жетелейді. Мәселен, біздің аудан тұрғындары үшін ең маңызды мәселе – ол халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл ретте қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Үстіміздегі жылы "Ақбұлақ" бағдарламасы шеңберінде Малая Чураковка, Обаған, Силантьевка ауылдарына су құбырлары тартылуда. 2015 жылы Щербаков ауылында да ауыз су мәселесі түбегейлі шешілмек. Биылғы Жолдау бойынша да аудан басшысы нақты тапсырмалар жүктеді. Халықтың әл-ауқатын арттыруда барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.
ТКШ жетілдіруге жедел қадам
Алтынсарин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:
Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауы дер кезінде жарияланды деп есептеймін. Бұл Жолдауда мәселе жан-жақты қамтылған. Жалғыз жол мәселесі, әлеуметтік салалар ғана емес, елдің еңсесін көтеруге бағытталған сан алуан жобалар қарастырылды бұл жолы да. Жұрттың бәрі Жолдаумен мұқият танысып шығып, өзара талқылап жатқанын естіп, көріп жүрміз. Әсіресе, халыққа ұнағаны, тұрғын үйлерді ең төменгі пайыздық мөлшермен беру – бұл елімізде баспана мәселесін шешуге бағытталған оң қадам екені даусыз. Жолдарға да қатты көңіл бөлініп жатыр. Одан қалды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіруге қатты көңіл бөлінген. Сондықтан, біздің әрқайсымыз өз саламыз бойынша белгіленген міндеттерді орындауға кірісіп кеттік.
Кәсіпкерліктің өрісі кеңеймек
Алтынсарин аудандық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
Бұл жолғы Жолдау несімен ерекше дегенге тоқталатын болсақ, әрине, Астанадан тарайтын тоғыз жолдың торауы еліміздің экономикалық әлеуетін арттыра түсетіндігі алдымен ойға оралады. Өркениет көшіне ілескен кез келген мемлекеттің даму тетіктері жол қатынасына тікелей байланысты. Өйткені, сыртқы алыс-беріс, ішкі байланыс құралы ретінде жолдың атқарар жүгі қомақты. Мұның сыртында экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінуі Елбасының көреген саясатының жемісі деп ойлаймын өз басым. Сондай-ақ, елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге ауқымды қаражат бөлінбек. Бұл әсіресе, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, сондай-ақ, сапалы қызмет көрсету тәрізді жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпек.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ
Алтынсарин ауданы.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.