Саll-орталық ашылды
Қостанай облысында пандемия кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында cаll-орталық ашылды.
«Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен осы жылдың 9 маусымынан бастап COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін cаll орталығын ашу жобасын іске асыруға кірісті. Бұл бастама Қостанай облысында осы бағытта атқарылыр жатқан жұмыстарды қосымша толықтырады және жергілікті және орталық билік органдарымен, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта іске асыратын болады. Жоба шеңберінде егде адамдар, мүгедектігі бар, гемодиализ алатын емделушілер, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, отбасы құрамында мүгедектер бар оралмандардың отбасылары тиісті көмек ала алады.
-Біздің Cаll-орталығының жұмысы пандемия кезінде байланысты қолжетімді етуге және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Біз ауырып жатқан науқастарды, мүгедектерді, кереуетке таңылған қарт адамдарды, мүгедектер арбасын пайдаланушыларды тасымалдау үшін көтергіш платформасы бар мамандандырылған көлік жұмысын ұйымдастырдық. Сондай-ақ, мұқтаж отбасылар үшін тегін азық-түлік, гигиеналық құралдарды дайындап, дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды тегін жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұлова.
-Аталған жоба COVID-19 пандемиясымен күрес бойынша Сорос-Қазақстан қорының резервтік қоры аясында қолдау тапқан 20 жобаның бірі. Бұл індетке байланысты күн сайын туындайтын сын-қатерлерге, вирустың таралуына және онымен қарсы күреске қордың қосатын үлесі мол. Біз «Үміт-Надежда» ҚБ жобасының өкілдерінің Қостанай облысы тұрғындарының әлеуметтік жағынан осал топтарымен жұмыс істейтініне және оларға жүгінген әрбір отбасына көмек көрсететілетіне сенеміз,- деп атап өтті Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Аида Айдарқұлова.