СOVID-19: +26
Қостанай облысында (2020 жылғы 24 маусымдағы мәліметі бойынша) ауру белгілерімен коронавирус инфекциясын жұқтырған 26 адам тіркелді.
Вирус жұқтырғандар Қостанай, Лисаковск қалаларының және Әулиекөл ауданның тұрғындары.
13 ер кісі мен 13 әйел бұрын ауырып қалған науқастармен байланыста болғаннан және ЖРВИ белгілерімен, сондай-ақ алдын алу мақсатында тексерілді. Науқастарда дене қызуы, мұрын бітелуі, тамақтың ауырғаны, жөтел, әлсіздік белгілері болды.
ПТР диагностикалық зерттеу барысында олардың СOVID-19 жұқтырғаны анықталды.
Байланыста болған адамдар анықталуда, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық спектрі жүргізілді.
2020 жылдың 24 маусымдағы жағдай бойынша Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның 395 жағдайы тіркелді. 205 адам емделіп шықты.