33 адам індет жұқтырды

Қостанай облысында, 21  маусымдағы мәлімет бойынша, короновирус инфекциясының ауру белгілерімен 33 адам тіркелді.
COVID-19 жұқтырудың 28 жағдайы Қостанай қаласында, үшеуі Рудный қаласында, екеуі Қостанай ауданында анықталды. Науқастардың 13-і – 24-61 жас аралығындағы ер адамдар, қалғандары – 18-65 жас аралығындағы әйелдер.   
Емделушілер ЖРВИ белгілерімен медициналық көмекке жүгінген кезде, сондай-ақ профилактикалық мақсатта тестілеуден өту барысында COVID-19 жұқтырғандары мәлім болды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды және тиісті ем алып жатыр.  
Барлық байланыста болған тұлғалар медициналық бақылауға алынды. Алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 
21 маусымдағы мәлімет бойынша, облыста 325 адамның COVID-19 жұқтырғаны  анықталды, емделіп шаққандар саны –192.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓