ҰБТ-2020: Жангелдин алда

6c0ea579-3e0b-4079-b619-84edd9d313e1
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының алғашқы 3 күнінде Жангелдин ауданы үздік танылып отыр. Бұл туралы Qostanai adaldyq alany жобасында онлайн брифинг өткізген облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк хабарлады.
Биыл мектеп тәмамдаған 4418 түлектің 3195-і немесе 72,3%-і ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Сынақ алынатын барлық 9 пункт қажетті техникалық жабдықтармен, ұялы байланысты өшіретін құрылғылармен қамтылған. Емтихан тапсыру уақыты 4 сағатқа ұзартылып отыр. Сондай-ақ, алғаш рет үміткерлерге калькулятор қолдануға мүмкіндік беріліп отыр.
«21-23 маусым аралығында өткен ҰБТ сынақтарына Жітіқара қаласы, Жангелдин, Әулиекөл, Қарасу және Науырзым аудандарының 361 түлегі қатысты. Өтініш білдірген 15 оқушы тестілеу тапсырудан бас тартты. 44 түлек немесе қатысушылардың 12% 100 баллдан жоғары жинады. Жангелдин ауданы 3 күннің нәтижесі бойынша ең жоғары – 131 балл жинады. 106 оқушы немесе 30%-ке жуығы межелік баллды жинай алмады», – деді басқарма басшысы.
сайт 111
Ең жоғары балл жинаған – Жангелдин ауданындағы Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектептің түлегі Айым Сағитова. Айым Ұлттық бірыңғай тестілеуге 9 сыныптан бері дайындалып келген екен.
«Сол кезден бері нақты пәнімді таңдадым. Сол себепті, сынақ тапсыру аса қиындық тудыра қойған жоқ. Болашақта Қарағанды медициналық университетінде оқып, өзім қалаған мамандық иегері атансам деймін. Ең әуелі ата-анама, 11 жыл оқытқан ұстаздарыма, үнемі қасымнан табыла білген достарыма, тілеулес жандарға айтар алғысым шексіз. Емтихан тапсырушы құрбы-құрдастарыма тек сәттілік тілеймін.

You may also like...

1 Response

  1. Айгүл айтты:

    Жаным балапаным Аллаға шүкір!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓