Қ.Тоқаев: “Біз алмайтын қамал жоқ”

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумын өткізді. Ол өз сөзінде коронавирус індетін жеңу әрбір азаматтың өз қолында екенін қадап айтты.ed97e186-9807-4e79-aa31-a83e7b1b74ea
16c078a2-6bce-4c55-9ab4-cc9cac6192b5–Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Осыған орай мен «Халық алғысы» атты арнайы медальді тапсыруды ұйғардым. Бұл осындай қиын қыстау уақытта аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған. Жаңа мемлекеттік марапат нағыз отаншыл азаматтарға тапсырылады деп сенемін. Бүгін «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумы аясында осы медальмен бір топ азаматты марапаттаймыз, – деді мемлекет басшысы.91df6530-45a3-46e1-98d3-09c6ff34b18a
Қиын қыстау шақта алдыңғы шепте жүрген батырлардың еңбегі осылайша бағаланды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін түсініп, біріге білгендер осы қағиданы негізге алып, коронавируспен күресте барынша көмек бере білді.
«Осы індеттен құтылған соң елордамызда азаматтарымыздың ерлігіне арналған ескерткіш қоюымыз керек. Барша Қазақстан азаматына амандық, игілік тілеймін. Біз міндетті түрде жеңеміз. Себебі, біз біргеміз!, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл күні Қостанай облысында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 127 азамат «Халық алғысы» арнайы медалімен  марапатталды. Олардың ішінде медицина, полиция, әлеуметтік сала қызметкерлері, волонтерлер, ҮЕҰ өкілдері, меценаттар, мемлекеттік қызметшілер, журналистер мен мәдениет қайраткерлері бар.b6e6f40b-a8f6-4da1-8054-595dda0123d5
"Бұл, ең алдымен, қарапайым қағиданы ұстанудан басталады. Бетперде киіп жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды. Өйткені, бұл сіздің және өзге адамдардың денсаулығы үшін аса қажет. Тағы қайталап айтқым келеді, сақ жүрсең, сау жүресің. Сол себепті азаматтарды қорғау үшін біз барлық қажетті шараларды жедел түрде қолға алдық және осы жұмысты әрі қарай жалқастыра береміз. Ынтымақ, беріктік, жанашырлық – бұл халқымыздың дәстүрлі құндылықтары. Дәл осы қасиеттер халқымызды тарихтағы небір қиын кезеңдерден алып шықты. Басымызға қиындық түскен кезде біздің жұдырықтай жұмылған бірлігіміз шыңдала түседі. Біз біргеміз. Бұл – біздің қоғамның жаңа ұраны. Біз күн сайын еліміз бойынша медицина, полиция, қарулы күштер қызметкерлері, еріктілер мен қайырымдылық жасайтындардың түрлі ерлігіне куә болып жатамыз. Мен бүгін, ең алдымен, сіздерге алғыс айтмын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Онлайн-форум форматы барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бейресми жағдайда қазақстандықтарға өздерінің ынтымақтары үшін алғыс білдіруге және алдыңғы шепте батыл, әрі табанды жұмыс атқарғандардың барлығына шексіз құрмет көрсетуге мүмкіндік берді.1c18081c-87ae-4642-9a48-c84edb681bc7
86fd6bab-3f6d-419a-b0fc-3d06a6bf15b660dd41a9-7cf4-48b2-acee-f6fbeb1145c3Осы марапатқа ие болғандардың біріҚостанай облысының КПСБ бастығы Құрмет Мәжікенов:
            –Науырыз айының ортасынан елімізде төтенше жағдай жарияланды. Сол күннен бастап облыстың полиция қызметкерлері ерекше тәртіппен жұмыс істей бастады. 17 сәуірде облыс бойынша карантин енгізілді. Облыс бойынша 53 блок-бекет қойылып, тәулігіне 265 полиция қызметкері жұмыс атқарды. Екі айдан артық күшейтілген режимде, кейбірі шалғайдағы блок-бекеттерге аттанды. Осы екі жарым айдың ішінде 380 мың автокөлік, 600 мыңнан артық адам тексерілген екен. Бүгін полиция саласының 25 қызметкері «Халық алғысы» марапатымен марапатталып отыр. Бастысы осындай қиын шақта антқа берік болып, өз міндетімізді абыроймен атқара білдік. Осындайда біріге білгені үшін халыққа да айтар алғысымыз шексіз, – дейді Құрмет Мәжікенов.24ed55ba-f794-434f-a821-144b74d17227
            Осындай шақта елге көмек беруге ұмтылып, алға шыққандардың бірі – волонтерлар еді. Олардың қатарында «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасы Дүйсенғали Оспанов та бар.7ace279c-e97f-43ee-b65f-7f87a0b87e71
            –Соңғы үш айдың ішінде біздің елімізде ғана емес, барлық әлемде қиындық туындады. Осындай шақта қарап отыра алмадық. Өзім бас болып, көлікке отырып, көптеген тұрғындарға дәрі-дәрмек жеткізіп бердік. Қаладағы емханалармен бірігіп, облыс бойынша еріктілер осылайша жақсы істі қолға алдық. Мұның бәрі біріге білгеніміздің арқасы. Өзім осы екі-үш айдың ішінде түсінгенім, біріге білсек күш екенбіз. Ендігісі осы қалпымыздан танбай, табандылық танытып, жауапкершілікпен осы індетті жеңе білуіміз керек. Президентімізге осындай марапат ұсынғанына ризашылығымды білдіргім келеді, – дейді бүгінгі марапат иесі. bef190b6-864b-4970-a597-e640cafa65a9a4c73dc0-cb6d-4703-b506-0b356edba4ab
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓