Оқушылар жұқтырып жатыр

Қостанай облысында 55 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.
Қостанай облысындағы эпидемиологиялық жағдай жөнінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севостьянов баяндады.
«Пандемия басталғаннан бері өңірде барлығы 31 мың 915 науқас ауырды, оның ішінде 3 мың 47-сі – 14 жасқа дейінгі балалар», – деді спикер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова бүгінгі таңға 1 765 инфекциялық төсектің 568-інде, 300 карантиндік төсектің 28-інде емделушілер жатқанын айтты.
Юрий Севостьянов 16-қыркүйекте 28 оқушы індет жұқтырғанын мәлімдеді. Сондықтан кейбір мектептерде карантин жарияланған.
«Сақтанып жүруді оқушылар түгілі, үлкендер естен шығарып ала береді. Соның салдарынан балалар вирус жұқтырып жатыр», – деді Ю. Севостьянов.
Бүгінге дейін облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 403 мың 035 дозасы және екінші компонентінің 361 мың 137 дозасы жеткізілді. 312 мың 198 адам екпе салдырған, оның ішінде 273 мың 040 адам екінші компонентпен егілді. Бұл – 17-қыркүйекке дейінгі ақпарат.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓