Кредиттерді төлеу мерзімі ұзартылды

Қазақстандық бизнесмендерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдетілген шарттары бойынша несиені кейінге қалдыру немесе қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысында Әбілқасымова 16 наурыздан 15 маусымға дейін жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдердің мерзімі ұзартылғанын хабарлады. Осы кезеңде бұл мүмкіндікті 1,8 миллион адам немесе борышкерлердің 34 пайызы пайдаланған екен. Мерзімі ұзартылған төлемдердің сомасы – 268 миллиард теңге.

Сондай-ақ, оның айтуынша, несиені қайта құрылымдау үшін 12,4 мың шағын және орта бизнес субъектілері жүгінді-бұл банктік несиелері бар ШОБ қарыз алушыларының 41,5 пайызы. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы – 165 миллиард теңге.

"ТЖ режимінің аяқталуына қарамастан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметі біркелкі емес және толық көлемде қалпына келген жоқ. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемінің қысқаруы байқалады, айналым мен ақшалай түсім төмендеді, демек алынған кредиттер бойынша міндеттемелерге қызмет көрсету мүмкіндігі төмендеді.

Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары іске асырылып жатыр. 2020 жылғы 16 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін ШОБ субъектісі банкке немесе микроқаржы ұйымына қосымша қолдау шараларын ұсыну туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредиттік ұйымдар әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, ТЖ мен карантиннің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және ШОБ субъектісінің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру перспективаларын жеке бағалайды. Нашарлаған жағдайда қолдаудың екі бағыты ұсынылады", – деді Әбілқасымова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓