Сәби өрттен құтқарылды

Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 маусымда "101" байланыс пультіне Чкалов көшесіндегі 7-үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.img-20200618-wa0002
Өрт сөндірушілер барып жеткенде қонақ бөлмесіндегі жиһаз өртеніп жатқан. Қызыл жалын ауқымы 15 шаршы метрге жеткен. Алауды ауыздықтау жұмыстары кезінде сәби құтқарылып, 12 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың төртеуі бала. Жапа шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге 4 техника, 12 қызметкер және 2 полиция қызметкері жұмылдырылды. 
Тілсіз жаудың пайда болу себептері ақынталып жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓