Қор арқылы қолдау көрсетті

Олар қоғамдық кеңес бастамасын қолдап, баспанасыз қалған 12 отбасына өз еркімен жәрдем беруге ниет білдірді.
"Қызметкерлер мүмкіндігінше зардап шеккен азаматтарды қолдау үшін "Suiіkti Qostanai" қорына ақша аударды. Біз жерлестеріміздің қаншалықты көмекке зәру екенін түсінеміз. Сондықтан бұл бастаманы толық қолдаймыз", – деп хабарлады Қостанай қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин.