ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Жедел штаб отырысы өтті. Жиын барысында облыс көлеміндегі шектеу шараларын күшейту мәселесі қаралды.Атап айтқанда, 19 маусымнан бастап "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған", "Арқалық-Амантоғай", және "Қостанай – Рудный" автожолдарына тексеріп өткізу бекеттері қайтадан қойылады. Сонымен қатар, аттракциондар мен субұрқақтардың, батуттардың жұмысына, караоке барлардың, бильярд, боулинг орталықтарының, тату-салондардың, массаж салондарының жұмысына тиым салынбақ.
ХҚКО-ға онлайн режимінде қызмет көрсететін болады. Ал, кейбір қызмет алдын ала жазылу бойынша сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін көрсетілмек.
Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмысын тек жазу бойынша 10-00-ден 18-00-ге дейін, білім беру орталықтарының жұмысы, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары 9-00-ден 16-00-ге дейін, өнеркәсіп тобының тауарларын өткізетін объектілердің жұмысын 20-00-ге дейін, азық-түлік және азық-түлік емес сауда нысандарының жұмысын 10-00-ден 16-00-ге дейін, жағажайлар мен саябақтардың жұмысын 22.00 сағатқа дейін шектеу қарастырылған.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің 80%-ын қашықтан қызмет көрсетуге көшіруге кеңес берілді. Ал басқосулар тек онлайн түрде жүргізілетін болады. Шектеу шаралары 18-нен 31 маусымға дейін жалғаспақ.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев