Қостанай көріктене түседі

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Орталық жағажай ауданындағы саябақ аймағының құрылысы барысын тексерді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.2028d215-70c6-4b66-86f9-78310176cdb24862074c-f6b2-442a-b5a3-0adb73588fea286b94be-ac4c-4428-91ac-4b738d16933cБұрын айтылғандай, аумағы 40 гектар Тобыл маңындағы саябақты қайта құру жобаны іске асыру басталған еді. Осы ауданда саябақ аймағын жөндеу, көгалдандыру, қолданыстағыларын қайта жаңарту және жаңаларын орнату, демалыс аймақтарын жайластыру, сондай-ақ шағын сәулет нысандарын орнату іске асады. Сондай-ақ, осы ауданда триатлон, жүгіру және велосипед жолдары бар жаңа саябақ салынады.634df45a-fcb9-4d97-a771-b1493d78bc09b4af8b11-155b-4b2d-8807-4190b6cebbc9e4700bc4-32bc-4cb5-8183-07234bc5551010fcefd3-38d8-4690-9424-c91920e5196e11f49ad5-64f5-4e20-91f1-4bf5a95ae8d7Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылуда. Құрылыс басталысымен 160 жұмыс орны құрылғанын айта кету керек. Қос қолған бір күрек тапқандардың 80-і – Халықты жұмыспен қамту орталығынан.Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс орталығын безендіруге арналған дизайн жобаларымен, сондай-ақ салынып жатқан Притобол паркін абаттандыру жобаларымен танысты. Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке жобаны іске асыруды бақылауда ұстауды, сондай-ақ барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.f3508e83-ce0c-4f42-b49a-227723d01880b9118dc4-caf8-4d66-ae17-b2e47ff31f392f7c1e42-dccd-4d15-bbdf-a375abdeaefd35921e1a-2a84-4ffd-970f-069435eef63f

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓