Кесел 8 адамды меңдеді
Қостанай облысында, 16 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавируст инфекцияның ауру белгілері бар 8 адам тіркелді.8 жағдайдың 6-ы Қостанай қаласына тиесілі. Облыс орталығында COVID-19 дертін 26-53 жас аралығындағы 4 ер адам, сондай-ақ 1971 және 1956 жылы туған екі әйел жұқтырған. Аталған азаматтар ЖРВИ белгілері бар эпиджағдайлар бойынша тексерілді.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекция Қостанай және Жангелдин аудандарының тұрғындарын меңдегені де расталды. Анығында, жұқпалы ауру 10 жасар оқушы мен 73 жастағы зейнеткерден анықталды. Екі пациент бұрын осы дертке шалдыққан науқастармен байланыста болған.
Олар байланыста болған туыс-жақындарын, маңындағы таныстарын анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Барлық пациент бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес қажетті медициналық көмек алады.

16 маусымдағы дерек бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 241-ке жетіп, 186 адам жазылып шықты.