ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІ: А.Мұхамбетов 4-сатыда
"Топ пресс" ақпараттық порталында облыс әкімдерінің мамыр айындағы рейтингі жарияланды. Бұл тізімде Қостанай облысының әкімі 4-сатыдан көрінді.
Рейтинг құрушылар Қостанай облысының экономикалық даму қарқынын басты назарға алған. Мәселен, мамыр айында облыстағы өнеркәсіп өндірісінің өсімі 4,8%-ға жетіп, республикадағы ең үздік нәтижені көрсеткен. Бұл Атырау облысының көрсеткішімен деңгейлес.
"Қостанай облысындағы білім саласының даму қарқыны да құрметке лайық, жалпы, биліктің бұл салаға назар бөлуі ерекше. Мысалы, биыл облыста соңғы жылдардағы ең ауқымды көлемде білім беру нысандары жөнделіп жатыр. Жарты ғасыр жөндеу көрмеген мектеп ғимараттары ақыры жаңа кейіпке енгелі отыр. Мұның сыртында, жергілікті автомобильдік транспорт колледжінде көлік құрастыру саласында мамандар дайындау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, колледжді заманауи оқыту құрылғыларымен жабдықтау көзделген. Аймақтағы көлік құрылысының қандай маңызға ие екенін ескерсек, бұл тұрғыдағы билік шешімі ақылға қонымды", – делінеді талдамада.
«Агромашхолдинг» АҚ базасында алғаш рет бірегей бизнес-инкубатор құру жоспарланып отыр, бұл Қазақстандағы машина құрастыру саласындағы баламасыз жоба. Сондай-ақ, сараптама өңірде шығарылатын автокөлік және ауыл шаруашылығы техникаларының сатылымы көлемінің өсімі де ескерілген. Барлық жерде отандық техниканы сатып алу трендке айналып, "баға=сапа" тезисіне сәйкестілік назарға алыныпты.
"Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 21,1 пайызға ұлғайғаны да белгілі болды. Қомақты үлес көлік құрылысына тиесілі, мұндағы өсім екі еседен артық. 2020 жылдың басынан бері 13 060 жеңіл көлік, 1151 жүк көлігі және 210 автобус шығарылған. Жеңіл өнеркәсіпте азық-түлік өндірісі ұлғайған. Атап айтқанда, ұн өндірісі 18,8 процентке, кондитерлік өнімдер 18,4 процентке, шұжық өнімдері өнідіріс 16,9 процентке артыпты. Ет, ұн және сусындар өндірісінің елеулі өсімі байқалды", – деп сарапталады рейтингтік материалда.
Мұның сыртында, облыс ормандарына, өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында, бейнебақылау құрылғыларын орнату сәтті жүзеге асырылып жатқаны, сондай-ақ Рудный қаласында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысының қарқын алғаны да атап өтіледі.
Айта кетейік, әкімдер рейтингін Алматы облысының басшысы Амандық Баталов бастап тұр. Екінші орында – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Үшінші тұғырға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек лайық деп танылыпты. Ал көш соңынан Маңғыстау, Павлодар облыстарының және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері көрінді.